Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған делегация Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барды.
Қазақстандық делегация Трамп әкімшілігімен келіссөз жүргізді
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
681
оқылды

Дональд Трамптың жаңа әкімшілігімен бетпе-бет кездесулер аясында өзара ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды. Вашингтонның сыртқы сауда саясатындағы тарифтер мәселесі, Джэксон-Вэник түзетуі, көші-қон саласы, экономикалық серіктестік, елге инвестиция тарту мәселелері қаралды.

Тараптар саяси және экономикалық ынтымақтастық, энергетика, сауда, логистика сияқты екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін жан-жақты талқылап, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікке қатысты пікір алмасты. Бұған қатысты америкалық сарапшылар да өз пікірлерін білдірді.

АҚШ – Қазақстан экономикасына 62 млрд доллардан астам тікелей инвестиция салған ірі инвестор. Отандық делегация алдағы уақытта тек қаражат жағынан емес, технологиялық мүмкіндіктерді де тартып, адам капиталын дамытуға да күш салуға мүдделі екенін жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.