15 маусым – Әкелер күні. Әлемде бұл мереке маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Әкелер декларациясы қабылданды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
823
оқылды

Қазақстанда да биыл үшінші жыл қатарынан тойланып отыр. Мерейлі мезет ерлер қауымының қадір-қасиетін арттырып, қоғамдағы әкелер институтының дамуына үлес қосуға бағытталған.

Қоғам белсенділері әкелер декларациясын қабылдады. Мұнда бүгінгі әкенің рөлі, отбасындағы отағасының образы анық жазылған. Ол «ХХІ ғасыр әкесі: әрекетке шақыру» деп аталады.

Жаңа құжат мереке қарсаңында өткен республикалық әкелер форумында қабылданды. Айтайық, кеңес биыл оныншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Оған өңірлерден 200-ге жуық адам қатысты. Жиын алаңында тұрмыстық тіршіліктегі түрлі түйткілдерді тарқатудың тетіктері талқыланды. Жиынға әкелермен қатар аналар да атсалысты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.