Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Ғұсман Қырғызбаев Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатында 1/4 финалға шықты.
Дзюдодан 2025 жылғы әлем чемпионаты: Ғұсман Қырғызбаев ширек финалға жолдама алды
Фото: ҰОК
1,513
оқылды

Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақта израильдік Гуй Гутманмен кездесті.

Белдесу қосымша уақытқа дейін созылды. Нәтижесінде Ғұсман Қырғызбаев тиімді әдіс қолданып, жеңіске жетті.

Келесі қарсыласы – Нурали Эмомали (Тәжікстан).

Ғұсман Қырғызбаев алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.