Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және азаматтардың денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін бірқатар маман наградталды.
Денсаулық сақтау саласының ма­­мандары мемлекеттік наградалармен марапатталды
229
оқылды

Денсаулық сақтау саласының ма­­мандарына ІІІ дәрежелі «Ба­рыс», «Парасат», «Құрмет» ор­ден­­де­рі, «Ерен еңбегі үшін», «Ша­па­ғат» медальдары, «Қазақстанның ең­бек сіңірген дәрігері» құр­мет­ті атағы берілді. 

ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені­мен – Мырзакәрім Алшынбаев пен Құралбай Құрақбаев наг­рад­тал­­са, «Парасат» орденімен – са­ла­ның алты маманы, атап айтсақ, Ғалия Әлібекова, Ермек Әубә­кі­ров, Қамидолла Ирменов, Оң­лас­­бек Құлакеев, Надежда Пе­­тер­сон, Шыңғыс Шашкин ма­ра­пат­тал­ды. 

«Құрмет» ордені – Шолпан  Ал­тынова, Сырданқыз   Ибатова, Шахимұрат Исмаилов, Тимур Қа­пышев, Ғалия Түсіпбекова, Сәу­ле Түсіпбековаға табыс етіл­ді.

Мемлекет басшысы жарлы­ғы­на сәйкес, денсаулық сақтау са­ласындағы жемісті қызметіне орай  «Ерен еңбегі үшін» ме­далі 12 адам­­­­ға, «Шапағат» ме­далі 9 ма­­ман­­ға берілді. 

Сондай-ақ «Қазақстанның ең­бек сіңірген дәрігері» құрметті атағы – Орынбай Дайырбеков, Аза­мат Мағзұмов,  Сергей  Нови­чевс­кий және Жексенбай Ныса­новқа берілді.