Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады.
Инвестициялық жобалардың жай-күйін талқылады
232
оқылды

Кездесуде энергетика жә­не мұнай-газ сала­ларын­дағы ин­вестициялық жобаларды жү­зеге асырудың қазіргі жай-күйі мен перспективасы тал­қы­ланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ExxonMobil корпора­ция­сы­ның ел экономикасын дамы­ту­ға қосқан үлесіне жоғары ба­ға берді. Сонымен қатар атал­­ған компанияны Қазақ­стан­­ның энергетика секто­рын­­дағы негізгі әрі сенімді се­­рік­­тестерінің бірі ретінде ата­ды.

Президент мұнай-газ са­ла­сындағы бірлескен қызмет ая­­сында көмірсутегі өн­ді­рі­сі­нің көлемін ұлғайтуға бағыт­тал­ған жобаларды жүзеге асы­рудың маңызына тоқтал­ды. Сонымен қатар еліміз кор­порациямен ықпал­дас­тық­ты одан әрі тереңдетуге жә­не өндірістің тиімділігін арт­тыруға мүдделі екенін айт­ты.

Даррен Вудс Теңіз, Қаша­ған және Каспий құбыр кон­сор­циумы жобаларын табыс­ты жүзеге асыруға қолайлы жағ­дай жасағаны үшін риза­шылығын білдірді.