Ақордада медицина саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Дәрігер болу – жүректің ісі
278
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жи­налған қауымды Медицина қызметкері күнімен құт­тықтап, осы мерекеге орай дәрігерлермен Ақор­да­да алғаш рет кездесіп отырғанын әрі бұл жиын­ның мән-мағынасы ерекше екенін атап өтті.

– Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп бе­кер айтпаған. Шын мәнінде, ұлт саулығы – еліміз үшін аса маңызды құндылық. Әлемнің «екінші ұс­тазы» – Әл-Фараби медицинаны өнер деп бағала­ған. Расында, дәрігер болу – жүректің ісі. Бұл – екі­нің бірі аяқ баса бермейтін жүгі ауыр, күрделі жұ­мыс. Медицина қызметкерлері – ұлт саулығының сақшылары, ең қадірлі мамандық иелері. Әсіресе, жаһандық індет, яғни, ковид кезінде бүкіл ел дәрі­гер­лердің адал қызметіне куә болды. Күрделі ке­зең­де медицина мамандары мыңдаған адамды құт­қарып қалды. Біз абзал жандардың табанды ең­бегін бағалаймыз. Олардың қайсарлығын мақтан тұ­тамыз. «Бір адамның өмірін құтқару барша адам­затты құтқарумен бірдей». Дәрігерлер ота кезінде, аурухана палатасында күн сайын ерлік жасайды десек, артық болмайды. Жедел жәрдем көлігінде адам өміріне араша түсетін сәттер болады. Сон­дық­тан сіздер, құрметті медицина қызметкерлері, бей­біт күннің батырлары деген атқа лайықсыздар. Мен барша медицина мамандарына зор ризашылығымды біл­діремін, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ дәрігерлері қай кезде болсын, ел мүддесін бәрінен биік қоя білгенін, ұлт қайраткерлері Халел Досмұхамедов пен Санжар Асфендияровтың белгілі дәрігер болғанын, олар халқымыздың азаттығы үшін де, саулығы үшін де аянбай күрескенін атап өтті. 

– Бүгінде еліміздің денсаулық сақ­­тау саласында 380 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Әр ма­­­­манның ең­бегі орасан зор. Ұлт саулығын сақтауға бүкіл өмірін ар­наған тұтас әулеттер бар. Ал­ма­тыдағы Джувашевтер әуле­ті­нен 13 адам медицина саласын таң­­­даған. Олардың жалпы еңбек өті­лі – 375 жыл. Ал Атырау об­лы­­­сындағы Шанаевтар әулетінен 16 дәрігер шыққан. Мұндай ең­бек династияларының ғибратты жо­лы – көпке үлгі-өнеге. Қазір ұлт­тық медицина саласы қар­қын­ды дамып келе жатыр. Же­тіс­тіктеріміз аз емес. Елімізде ор­­таша өмір сүру ұзақтығы 75,4 жас­қа жетті. Ана мен бала өлімі ша­мамен 12 пайызға азайды. Бес жыл­да 800-ге жуық денсаулық сақ­тау нысаны, яғни, көптеген ем­хана мен аурухана салынды. Бұл жұмыс тоқтамайды, мем­ле­кет алдағы уақытта да инф­ра­құры­лымды дамыта береді. Ұлт сау­лығын жақсарту алғашқы ме­дициналық көмектен бас­та­ла­ды. Елімізде ауылдық жердегі ме­­дицина жүйесін жаңғыртуға ар­налған ұлттық жоба жүзеге асы­рылып жатыр. Бүгінде 469 ғи­марат бой көтерді. Жыл соңы­на дейін тағы 186 нысан салы­на­ды. Аудандық ауруханалар за­ман­ға сай құралдармен жаб­­­­дықталып жатыр, – деді Президент.

Мемлекет басшысы елімізде ме­дициналық туризм қарқынды түр­де дамып келе жатқанын жет­кізді. Жыл сайын 45 мемлекеттен ша­мамен 10 мың адам Қазақ­стан­ға емделу үшін арнайы келе­ді. Бұл еліміздегі дәрігерлік кө­мек­тің сапасы жоғары екенін көр­сетеді.

– Бүгінде көптеген ауру­ха­на­мыз халықаралық акк­ре­дит­теуден өткен. Нейрохирургия мен Кардиохирургия ұлттық ор­талықтары әлемдік клини­ка­лар деңгейінде жоғары тех­но­ло­гия­лы медициналық қызмет көр­сетеді. Қазақстандық дәрі­гер­лер жүрекке жыл сайын мың­даған ашық операция жасайды. Емделушілердің қатарында жаңа туған нәрестелер де бар. Елі­мізде органдарды трансп­лан­та­циялау ісі жоспарлы түрде да­мып келеді. Жуырда жүрек ауыс­ты­руға арналған жүзінші ота сәт­ті өтті. Биыл алғаш рет бір ме­зетте үш адамға үш донордың бүйрегін то­ғыспалы трансплантация тәсі­лі­мен салды. Өздеріне сәйкес ке­летін органдарды алу үшін па­­циент­тер бір-біріне донор бол­­ды. Мұндай күрделі опера­циялар дү­ние жүзінде алты елде ғана жа­­­салады. Онкологиялық ауру­­лар­ды емдеуге сәуле тера­пия­сы­ның озық әдістері қол­данылып жа­тыр. Былтырдан бері елімізде мүл­де жаңа бағыт – феталді медицина дами бастады. Яғни, бұл – ана құрсағындағы шаранаға операция жасау деген сөз. Мұн­дай бірегей медици­налық көмек көп­теген баланың дүниеге дені сау болып келуіне мүмкіндік сый­лайды. Сирек кез­десетін сыр­қаты бар адамдарды емдеу мен ден­сау­лығын жақсар­туға ерекше мән берілуде. Мем­ле­кеттің алдында мұн­дай нау­қас­тарды шетелдік қым­бат дәрі-дәрмекпен қамта­ма­сыз ету секілді күрделі міндет тұр. Осы орайда менің ұсынысым бойынша құрылған «Қазақстан халқына» қоры үлкен қолдау көр­сетіп отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы еліміздің фар­мацевтикалық өнеркәсіпті да­мытуға айрықша назар аудара­тынын айтты.

– Ірі халықаралық инвес­тор­лар­ды тарта отырып, стратегия­лық сипат алған бұл саланы да­мы­туға күш салу маңызды. Ал­­­­дағы уақытта медицина ғылымының әлеуетін толықтай игеру керек. Ол үшін қазірдің өзінде берік негіз бар. Ғалымдарымыз онкология, трансплантология, неона­то­ло­гия, генетика, биомедицина са­ла­ларында тың жаңалықтар аш­ты. Қан ауруларын емдеуге отан­дық препараттар қолданы­лып жатыр. Жасанды интеллект сыр­қаттарды анықтау мен ем­деу­дің көкжиегін кеңейтеді. Аталған перс­пективті салада айтарлықтай сер­­піліс жасау қажет. Ядролық ме­дицинаның мүмкіндігін де ба­рын­ша пайдаланған жөн. Ден­сау­лық сақтау жүйесін дамыту, ең алдымен, азаматтардың әл-ау­қа­тын көтеруге бағытталған. Өйт­кені медицинаның деңгейі мен қол­жетімділігі – елдегі өмір са­па­­сының негізгі көрсеткіші, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев меди­цина қызметкерлерін әлеуметтік тұр­ғыдан қолдау, олардың мәр­те­бесін көтеру – мемлекеттің не­гіз­гі міндетінің бірі екеніне тоқ­­­тал­ды.

– Менің тапсырмаммен был­тырдан бастап «Қазақстанның ең­бек сіңірген дәрігері» атағы бе­ріле бастады. Бұл – медицина қызметкерлеріне деген айрықша құрметтің белгісі. Соңғы 5 жылда денсаулық сақтау саласындағы жа­лақы екі есеге жуық өсті. Ме­ди­цина кадрларын даярлайтын жо­ғары оқу орындары мен кол­ледждердің шәкіртақысы кө­бей­ді. Жас мамандардың білікті дә­рі­герден тағылым алып, кәсібіне тез бейімделіп кетуіне барынша жағ­дай жасалуда. Жалпы, ден­сау­лық сақтау ісіне бөлінетін қар­жы жыл өткен сайын артып ке­ле жатыр. Биыл оның көлемі 2,6 триллион теңгеге жетті. Мем­ле­кет медицина қызметкерлеріне қол­дау көрсете береді. Дәрігерді ха­лықтың қамқоршысы деуге бо­л­ады. Барша жұрт мұны терең тү­сініп, оларға әрдайым құрмет көр­сетуге тиіс. Өкінішке қарай, қо­ғамда дәрігердің жұмысына ке­дергі жасап, тіпті, қоқан-лоқы көрсететін адамдар әлі де бар. Ме­дицина қызметкерінің қауіп­сіз­дігіне қатер төндіретін заңсыз әре­кетке жол беруге болмайды. Қо­ғамдық тәртіпті бұзатын осын­дай адамдар міндетті түрде заң аясында жауапкершілікке тар­тылады. Заң мен тәртіп бар­лық жерде бірдей қатаң сақталуға тиіс. Біз сонда ғана Әділетті әрі Қауіпсіз Қазақстанды құра ала­мыз. Осы орайда медици­на қыз­мет­керінің рөлі айрықша, – деді Мемлекет басшысы.

Президент дәрігерлердің ең­бегі қашанда лайықты бағалануы ке­рек екенін айтып, медицина май­­­талмандарын мемлекеттік наг­радамен марапаттау туралы Жар­лыққа қол қойғанын жет­кіз­ді.

Жиында С.Асфендияров атын­­дағы Қазақ ұлттық меди­ци­на университетінің кафедра мең­герушісі Құралбай Құрақбаев, ең­бек ардагері Жексенбай Ны­санов, «Ұлттық биотехнология ор­талығы» ЖШС филиалының зерт­хана меңгерушісі Екатерина Остапчук сөз сөйледі.

 

Мейір ЖАСЫН