Іс-шара былтырдан бері Әйелдер қанаты жүзеге асырып келе жатқан «Балаңа уақыт арна» жобасы аясында өтті. Бұл жоба балаларды қолдауға және отбасы институтын нығайтуға бағытталған. Балалар үшін аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы, түрлі байқаулар мен интерактивті ойындар ұйымдастырылды. Көптеген бала қызығушылықпен қатысып, ерекше әсер алды. Ата-аналар шараның жылы атмосферасын және ұйымдастырушылардың ықыласты көзқарасын атап өтті.
– Біз Аққулы ауданынан келдік, мұндай іс-шараға алғаш рет қатысып отырмыз. Бұл ұмытылмас әсер қалдырды! Қамқорлық пен көңіл бөлгендеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Бұл біз үшін жай ғана мереке емес – бұл жалғыз емес екенімізді сезіну, – деп бөлісті ата-аналардың бірі Жұлдыз Мұқашева.
Мұндай іс-шаралар балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, мейірімділік, қолдау мен өзара құрметке негізделген әділетті қоғам құруға бағытталған нақты қадам болмақ.