Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Жоғары аудиторлық палатаның есептерін тыңдайды. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, 2024 жылы республикалық бюджетке түскен түсім 19,9 трлн теңгені құрады. Бұл бекітілген жылдық жоспардың 97,5 пайызына тең. Бюджет кірісі 19,6 трлн теңге немесе жоспардың 97,2 пайызы орындалып, өсу қарқыны 103,1 пайызды құрады. Бюджет шығыстары 97,8 пайыз орындалып, 23,6 триллион теңге болды.
Сонымен қатар бюро отырысында Қазақстан Республикасының орнықты дамуы саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссияның құрамы туралы мәселе қаралды.