Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бір топ депутатпен бірге OzgeEpic атты алғашқы креативті хабына барып, оның қызметімен танысты. Соның аясында хабтың шығармашылық тобы аутизм жөнінде терең ой салатын және сол қиындықты еңсеру жолында қалыптасқан стандарттан тыс шешімдер іздейтін оқиғаны баяндайтын «Құштар» спектаклін сахналады.
Инклюзивті қоғам құру – заман талабы
272
оқылды

OzgeEpic хабында бірегей этно­мұражай мен қолөнер ше­бер­­ха­насы бар. Мұнда театр қо­йы­лым­дары, музыкалық және поэ­зия­лық кеш­тер мен көрмелер өт­кізуге ар­нал­ған кеңістік те қа­рас­тырыл­ған. Ұйымдас­тыру­­шы­лар­дың айтуын­ша, негізгі мақсат – заманауи өнер ар­қылы қазақ мәдениеті мен креа­тив­ті индустрияны дамыту. Сон­дай-ақ аталған бастама дарынды жас­тардың әлеуетін ашуды, тәжі­ри­белі өнер қайраткерлерімен жә­­не шығармашыл зиялы қауым өкіл­дерімен бірлесіп олардың жо­ба­ларын іске асыруға қолдау көр­сетуді көздейді.

Өнер арқылы қазіргі өзекті проб­­лемаларға және қоғамды тол­ған­дырған түйткілдерге баса мән бе­ріп, оларды шешудің стан­дарт­тан тыс жолдарын ұсы­ну айрықша маңыз­ға ие. Аутист балалар туралы қойы­лым ин­клю­зия тақырыбын­да­ғы осын­дай тың тәсілдердің бірі еке­нін атап өткен жөн. Бұл – Ozge­Epic хабы мен Сенат жанындағы са­рапшылар клубы бірлесіп әзір­леген іргелі жоба.

Мәулен Әшімбаев атап өткен­­дей, Әділетті Қазақстан және ин­клю­зивті қоғам қалып­тастыру – Мем­лекет басшысы жүргізіп келе жат­қан саясаттың басым бағыт­та­ры­ның бірі. Палата Спикері мү­ге­дек­тігі бар адамдар үшін тең мүм­кін­діктерді қамтамасыз ету, олар­­­­дың ортаға бейімделуіне және кә­сіби тұр­ғыдан өсуіне жағдай жасау, сон­дай-ақ осы бағыттағы басқа да өзекті мәселелерді шешу жо­лында кешенді тәсілдердің маңы­зы зор екенін де тілге тиек етті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағ­дарының ба­сым бағыттарының бірі инклю­зив­ті қоғам құру екені анық. Соңғы жыл­дарда мүге­дек­тігі бар адам­дар­ға және халық­тың әлеуметтік осал топтарына мемлекет тарапынан қолдау көрсету жүйелі сипатқа ие болды. Осы бағытта тиісті заңдар да қабылданып жатыр. Бұл мә­се­леде тек әлеуметтік-экономи­калық және инфрақұрылымдық жобалар­мен шектелуге болмай­ды. Инклю­зив­ті қоғам қалыптас­тыру үшін адам­дардың инклю­зияға көз­қарасы мен бұл са­ла­да­ғы тә­сілдерді өзгерту және мүгедектігі бар адам­дарды жүйе­лі қолдау аса маңызды. Осы тұр­ғыдан келгенде бү­гін та­маша­лаған «Құштар» спек­так­лінің мәні зор», – деп Мәулен Әшім­баев Creativity Support Team креа­­тивті тобының жұмысына жо­ғары баға берді.

Әлеуметтік бағыттағы жоба­ны та­бысты іске асыруда ұрпақ­тар са­бақ­тастығына да баса мән берілді. Қойы­лымды сахналауға Қ.Қуа­ныш­баев атындағы Қазақ ұлттық му­зыкалық драма теат­рының, «Жас­тар» театрының, Ә.Мәмбетов атын­дағы мемле­кеттік драма және ко­медия теат­рының, Астана қала­сы музыка­лық жас көрермен теат­рының кәсіби актерлерімен қатар шы­ғар­машыл зиялы қауым өкіл­дері де атсалысып, айтарлықтай қол­дау көрсетті.

Спектакльді Парламент депу­­­тат­тарымен қатар өнер, бі­лім беру са­ла­сының мамандары, сарапшы­лар және тағы басқалар тамаша­лады.

Айта кетейік, «Құштар» қо­йы­лы­­мының басты мақсаты – ау­тизм­ге және оның әлеуметтік ас­пек­ті­ле­ріне терең үңілу, сон­дай-ақ осы мә­­­селеге қоғамның назарын ау­дару. Оқиға желісінде аутизм ұғы­мы бар­лық саланы хабардар ету және бай­ланыс орнату, өзара диа­лог пен әлеу­меттік теңдікті ны­ғай­ту тұрғы­сынан қарастырылады. Жо­ба қазіргі заманғы әлеуметтік мә­селелер мен үрдістерді ескере оты­рып, ғылыми, әлеуметтік және мә­дени зерттеулер­ге негіз­делген. Спек­такль барысын­да маңызды проб­лемалар терең тал­данып, жаңа көркемдік ше­шім­дер мен әдіс­тер ұсынылады.