Әнші Төреғали Төреәлінің тұңғыш қызы Кәусардың анасымен бірге түсірген видеосы жарияланды, – деп жазды Aikyn.kz.
Бейнежазбаны әншінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы жариялады. Видеодан анасы мен қызының сөйлесіп отырғанын көруге болады.
Толқын Тұрарбекқызы мұндай форматтағы видеоны алғаш рет түсіріп отырғанын айтты.
«Бүгінде бізде алғаш рет осындай видео түсіріліп жатыр. Сіздермен Кәусар Төреғалиқызы», – дейді ол.
Ал Кәусар анасына өз ойын айтып, сөйлесіп отырғанын көруге болады.
“Сен ұялмайсың, өз аяғыңмен жүрмесең де, сөйлемесең де барлық жерге барасың. Киноға барасың, тамақтанасың, көпшілік арасында жүргенді ұнатасың, боянғанды жақсы көресің”, – деді ол.
Желі қолданушылары Кәусарға тәнті болып, жылы лебізін білдіріп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.