"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 14 маусымда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, бұршақ жауады. Найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталды.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың шығысында найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында 36 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысында 40 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.
Алматыда кей уақыттарда найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 18-23 м/с.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.