ТЖМ қызметкерлері Каспий жағалауында суға батып кете жаздаған жасөспірімді құтқарды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Маңғыстау облысындағы "I love Aktau" мүсіндік композициясының ауданында құтқарушылар профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында 17 жастағы жасөспірімнің жабдықталмаған жерде шомылып жүргенін байқаған.
Жедел-құтқару жасағы қызметкерлерінің жылдам іс-қимылының арқасында жасөспірім судан уақытылы шығарылып, қауіпсіз жерге жеткізілді. Жасөспірім аман-есен, оған медициналық көмек қажет болған жоқ.