Әнші Райымбек Бақтыгерей әлеуметтік желіде парақшасында ұлы өмірге келгенін айтып, сурет жариялады.
«Менің кіндік балам»: Айнұр Тұрсынбаева RaiM мен Ерке Есмаханды құттықтады
Фото: instagram.com/aidyn_nury
1,528
оқылды

Ақын Айнұр Тұрсынбаева әнші RaiM мен Ерке Есмаханның үшінші ұлына кіндік шеше болғанын айтты, – деп жазды Аikyn.kz.

Бұл  туралы әлеуметтік желіде жариялап, өлең жолдарымен құттықтады.

«Менің кіндік баламның тұп-тура мен Алматыға келген күні дүниеге келгенін айтсаңыздаршы. Мені күтіп жатқан ғой.

Әкесі дүлдүл,

анасы бұлбұл!

Кіндік шешесі ақын,

Өзі Батыр!

Қазаққа жақын

Ұл туып жатыр...», - деп жазды ақын.

Бұған дейін әнші Райымбек Бақтыгерей әлеуметтік желідегі парақшасында ұлы өмірге келгенін айтып, сурет жариялады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.