Әнші тойға деген сыйлығын ақшалай берген.
"Айналайын, сақинаңды өзің таңдап аларсың": Мақпал Жүнісова Сәкен Майғазиевтің тойына қанша ақша бергені белгілі болды
сурет kursiv.media-дан алынды
2,263
оқылды

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Сәкен Майғазиевтің тойына қандай сыйлық бергенін айтты, – деп хабарлайды Aiqyn.kz сайты. Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жариялады. 

– Екі жастың тойына біз де куәгер болып жатырмыз. Махаббаттарың баянды болсын! Сәкенжан, келінің құтты келін болсын! Апа-ағаларыңыз тілек айтты, солар қабыл болсын! Біз де сендердің әулеттеріңді қатты сыйлаймыз. Қыздарыңыздың бағы ашылып, сол тойда да болуға Алла нәсіп етсін! Келіннің сақинасы деп атап, 1000 долларды Сәкенге бердім. Айналайын, сақинаңды өзің таңдап аларсың, – деді Жүнісова.

Әншінің айтуынша, ол Сәкен Майғазиевтің тойына қызы Мерейді ертіп апарған. Мерейге ырымдап үй иесі бір құшақ раушан гүлін тарту еткен.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Бұған дейін әншінің тойына қанша онлайн көрермен жиналғанын жазған болатынбыз.