Халық әртісі Мақпал Жүнісова әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойында ән шырқады, – деп жазды Аikyn.kz.
Әнші осы жолы тойға қызын бірінші рет ертіп барғанын айтып, әлеуметтік желіде видео жариялады. Халық әртісі қызына деген тілегін жеткізіп, ағынан жарылды.
«Мерей екеуіміз тойдан келдік. Мерейге Сәкен ағасының жары Динара осындай гүл беріпті. Бірінші рет тойға апарып тұрмын, шақырған жерге. Үнемі шақырады, Мерей бармайды, ұялып. Осы жолы алып бардым. «Саған жұғысты болсын» деп, ырымдап алып бардым. Алла Тағала жолыңда жақсы азамат кездестіріп, бәрімізді бақытты ет. Апаң да, әжең де, туысқандарың да – бәріміз күтіп отырмыз. Асықтырмаймыз енді. Қыз деген жат жұрттық қой. Ерте ме, кеш пе, баратын жерлерің сол ғой. Осы жастар сияқты сен де бақытты болуға лайықсың. Менімен бірге барғаныңа көп рақмет», - дейді әнші видеода.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.