Желі қолданушылары мұны ерсі деп санаса, енді бірі жарасып тұрғанын айтып жатыр.
«Ұят-ай»: әнші Кенжебек Жанәбілов құдалықта билеймін деп, сынға қалды
Фото: видеодан кадр
31,361
оқылды

«МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов құдалықта билеймін деп, сынға қалды, – деп жазды Аikyn.kz. 

Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойында құдаларды күткен. Қонақтардың арасында билеп жүрген Кенжебек Жанәбіловтің биі қызу талқыға түсті.

Желі қолданушылары мұны ерсі деп санаса, енді бірі жарасып тұрғанын айтып жатыр.

«Мына тұрысы ұят екен», «Кенжебектің қылықтары біртүрлі. Соқталдай азамат деп құдалыққа ертіп барды. Сәкен ортаға шақырып, сыйлық беріп, кит кигізіп жатса, бір аяғын тамадаға көтеріп жатыр»,  «Керемет, біздерге де жұғысты болсын», «Кенжебек күшті билеген», «Кенжебектің биін үйреніп алу керек екен», -  деп жазды оқырмандар.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Sharafat Nurgali (@sharapat_nurgali)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.