Ол Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешеніне де барған.
Бақыт Сәрсекбаев марқұм Бекзат Саттархановтың үйіне барып, Құран бағыштады (видео)
Видеодан скриншот
1,669
оқылды

Бокстан ұлттық құрамаға резерв дайындайтын, 22 жасқа дейінгі боксшылардың бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев Бекзат Саттархановтың үйіне барып, марқұмның рухына Құран бағыштады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Ассалаумағалейкум, ағайын! Түркістан облысында Алматау базасында оқу-жаттығу жиындарындамыз. Кеше Түркістан қаласына соғып, бауырым, ағам Бекзат Саттархановтың атындағы спорт кешенін аралап көріп, Сырлыкүл анамызға сәлем беріп, Бекзат ағама Құран оқып шықтым,  деп жазды ол.