QJ League қыздар лигасының алғашқы маусымы басталды. Тарихи жарыстың бірінші ойнында павлодарлық «Ертіс» пен қарағандылық «Шахтер» жасөспірім қыздар жүздесті, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.
Жанкүйерлерін қуантып, өзгелерді тамсандыртқан – «Ертістің» арулары
баспасөз орталығы
322
оқылды

Арнайы қыздарға арналған лига құрылып, алғашқы маусымының ашылуына себепкер болған – QJ League жобасы. Жалпы  бұл жоба еліміздегі футболдың дамуына ерекше серпін беріп, жасөспірімдер арасында жаңа есімдердің танылуына мүмкіндік жасап отыр. Бүгінгі айтулы оқиға біреулер үшін жай ғана сайыс болса, футболшы қыздарға үлкен арманының үміт отын тұтатты.

Павлодар қаласындағы Орталық стадионында өткен салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Асайын Байханов, Freedom QJ League қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы, әрі еліміздің ардагер футболшысы Давид Лория және лига президенті Рохус Шох қатысты.

– Бүгін біз үшін бұл – тарихи күн. Өйткені алғашқы сайысымыз – футбол тарихында, ел жадында қалатын күннің бірі. Өздеріңіз білесіздер, бүгінде елімізде әйелдер футболының қарқынды дамып келе жатыр. Біз соның алдыңғы шебіндеміз. Қолымыздан келгенінше өз үлесімізді қосудамыз. Биылдың өзінде қатарымыз 8 командаға ұласты. Сол тұрғыдан алғанда, биыл басталған қыздар лигасы отандық футболдың дамуна әсер ететіне шүбәсіз сенеміз. Осы бастама арқылы жасөспірім қыздарымыз үшін кәсіпқой футболға жол аша түседі деген үміт бар. Себебі үздіксіз қаржыландыру мен жоспарлы жұмыс өз жемісін беретініне сенеміз, – деді ол.

Оған қоса, Тимур Турлов футболшы қыздарға барлық жағдайдың жасалғанын тілге тиек етті.

– Жаңа маусымның осында бастау алуы бекер емес. Павлодар – мықты да танымал спортшы мен футболшының отаны атанған мекен. Сондықтан бүгінгі кездесудің спорттың тарихына қосар үлесі мол. Ең әуелі футболды қолдап-қолпаштап отырған демеушілерге ризашылығым шексіз. Сіздердің көмектеріңіздің арқасында футбол өшпейді. Әсіресе, жасөспірім қыздар арасындағы футбол жандана түсті,  – Лига президенті Рохус Шох.

Ардагер футболшысы Давид Лория 6 маусым бойы 130 мач ойнаған алаңда тұруының өзі үлкен құрмет екенін сөз етіп, жастарға сәттілік тіледі.

 Екі алыптың шайқасы: «Ертіс» пен «Шахтер»

 Маусымның алғашқы ойынында «Ертіс» командасы Қарағандының «Шахтерімен» кездесіп, 5:1 есебімен айқын жеңіске жетті. Ойынның 15-минутында  павлодарлық әрі команда капитаны Елизавета Медведева гол соғып, қарсыластарына осал еместігін көрсетеді. Артынша Аружан Оспанова мен 14 жастағы Айсана Ахмедиян дубль жасап, есепте еселей түсті. Қарағандылықтар тек престиж голымен жауап қайтарды. Осылайша, алаң иелері 5:1 есебімен жарысты жеңіспен бастады.

«Ертіс» команда капитаны Елизавета Медведеваның айтуынша, команда ойыншылары ақырына дейін ойнауға дайын болған.

– Біз осы кездесуге барымызды салдық. Соңына дейін күресуге дайын едік. Осының бәрі тынымсыз дайындықтың, қажырлы еңбектің арқасы, – деді Елизавета Медведева.

Аружан Оспанованың айтуынша, олар «Шахтерді» бұған дейін де бірнеше рет ұтқан. Бұл жолы да жеңіске жететініне сенімді болған.

– Рас, бастапқыда біраз қобалжып қалдық. Стадионға толы жанкүйер болады деп күтпедік. Көпшілік алдында ойнауымыз – осы. Бірақ өз-өзімізді жинап, ойынға бар күшімізді салдық. Бапкерлердің айтқанын орындап, соның арқасында жеңіске де жеттік. Бұл ойынның шарапаты бізге ғана емес,  әйелдер футболының жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді, – дейді Аружан Оспанова.

 Оның футболға деген сүйіспеншілігі балабақшадан басталған. Кейін аулада ойнап жүргенін ағасы байқап қалған. «Содан бәрі басталып кетті. Оған дейін биге қатысқан едім» деді ол.    

Ойын барысында екі голды қатарынан соққан жас ойыншы Айсана Ахмедиян еді. Оның жасы небәрі 14-те. Бұл – оның бірінші ойыны.

– Бүгін алаңға шығудың өзі үлкен оқиға. Өзім 2011 жылғымын, ал мұнда 2008-2009 жылдары туған футболшылар ойнайды деген еді. Бірақ бапкер бізге сенім артып, менің жасымдағы үш қызды қатарға қосты. Сол сенімді ақтағаныма қуаныштымын, – дейді Айсана Ахмедиян.

Жаңа маусым «Әйелдер футболы – жаздан да жарқын» ұранымен басталған жаңа маусымда жоғарыда айтып кеткендей 8 команда қатысады. Олар: «Ақтөбе», «Астана», «Жетісу», «Ертіс», «Қайрат», «Ордабасы», «Тобыл» және «Шахтер».

QJ League қыздар лигасы жасөспірім қыздардың үлкен сапарына жол ашты. Бұл ең алдымен еліміздегі қыздар футболын дамуына мүмкіндік берсе, екіншіден жастардың кәсіби спортшы ретінде өсуіне, жетілуіне үлесін қосуда.