Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен жиын өткізді.
Сарбаздың өмірі мен денсаулығы маңызды
201
оқылды

Мемлекет басшысы Қарулы Күштер жоғары қолбас­шы­­лығының алдында тұрған басым міндеттерді атады.

Ведомство жетекшілігіне басқару және әскери органдар құры­лымын жетілдіру, әскери қызмет институтының резер­він қалыптастыру, Арнайы операциялар мен аумақтық қор­ғаныс күштерін дамыту шараларын жүзеге асыру жүк­тел­ді. Сондай-ақ Қарулы Күштерді цифрландыру және оның жұмысында жасанды интеллектіні пайдалану тап­сырылды.

Жиын барысында әскери борышты өтеуге жайлы жағ­дай жасаумен қатар әскери қызметшілердің кәсіби құ­зыре­тін жетілдіруге, оларға қойылатын талаптарды арттыруға мән беру қажет екені айтылды.

Президент сарбаздың өмірі мен денсаулығын сақтауға бар­лық деңгейдегі қолбасшылықтың жауапты екенін айтты.

Естеріңізге салсақ, Президенттің Жарлығымен 8 маусым­да Дәурен Қосанов Қор­ғаныс министрі болып тағайын­далды.