Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінде жұптық сайыста финалға дейін жетті.
Анна Данилина әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді
Фото: ҰОК
389
оқылды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты, - деп хабарлайды Aikyn.kz Olimpic.kz-ке сілтеме жасап.

Жуырда өткен "Ролан Гаррос" турнирінде спортшы жұптық сайыста финалға дейін жетті.

Жүлде жеңіп алу мүмкін болмады. Алайда Данилина рейтингте жоғарылады. Ол мансабында алғаш рет рейтингте 17-орыннан 9-орынға дейін көтерілді.

Бұған дейін Аннаның ең үздік нәтижесі - 10-орын болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.