Ақтөбеде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұрын сотталған жергілікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол кәсіпкерді қорқытып, одан ірі көлемдегі қаражатты талап етті деген күдікке ілінді. Жедел іс-шаралар нәтижесінде, күдікті ақшаның 2 миллион теңге көлеміндегі алғашқы бөлігін алған сәтте қолға түсті.
Тергеу барысында ол кәсіпкерге ұзақ уақыт бойы қысым көрсетіп, жалпы 7 миллион теңге талап еткені анықталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша, ҚР ҚК-нің 194-бабы ("Бопсалау") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.