Алдағы күндері Қазақстан аумағына оңтүстік циклон ықпал етеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Ол ауа массаларының жылынуын және конвективті үдерістердің дамуын қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде жаңбырлар әкеледі: 10 маусымда – оңтүстікте, 11 маусымда – солтүстік-батыста, 12 маусымда – елдің солтүстігінде қатты жаңбырлар, найзағайлы құбылыстар мен екпінді жел күтіледі, жекелеген өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін. Тек елдің шығысында антициклон басым болады, онымен бірге негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Күндізгі уақытта ауа температурасы солтүстікте, шығыста, орталықта 25-32 градусқа дейін, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 32-37 градусқа дейін жылынады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.