Бұл жайлы Қойшығара Салғараұлының өзі жас журналистермен кездесу кезінде айтып берді.
«Қазақ пен қытайдың достығын жазайын дегенмін»: Қазақ жазушысы құпия мұрағатқа қалай кіргенін айтты
istockphoto.com
2,856
оқылды

Қытай мұрағаттарында қазаққа қатысты мәліметтер бар екені мәлім. Ол жерге кіру қиынның қиыны болса да, Қойшығара Салғараұлының жолы болып, қажетті деректерін алған екен.

Бұл жайлы жазушының өзі жас журналистермен кездесу кезінде айтып берді.

Тарих атасы Сыма Цяньның еңбектері мені жарық дүниеге қайта алып шықты. Қытайда жүріп тарих­ты зерттеп, роман жазып бастадым. Ол кезде біздің не бір тарихшымыз, не бір жазушымыз Қытайдың мем­лекеттік мұрағатына кіріп көрмеп­ті. Ал кімнен сұрасаң да «біздің тарих – Қытайда» дейді.

Мен мем­лекеттің қол­дауымен Қытайдың мұрағатына кіріп, халқымыздың тарих­ын түген­дедім. Бірақ Қытай жоқтан құпия жа­сай­тын ел. Сондықтан мен ол жақ­қа өзімді жазушымын деп тан­ыс­тырдым. Мен архивтің дирек­тор­­ын үйге шақырып: «Қазақта егер жол түсіп шетелге бара қалсаң, ал­ғашқы кездескен адамың сенің туыс­ың болады» деген мақал бар деп айттым. «Қазақстанға келсең сен­ің туысың мен, Қытайға келсең мен­ің туысым сен. Қытай мен қазақ бүгін араласып жатқан жоқ. Көпте­ген ғасырда айтыс та, тартыс та, шабыс та болды. Мен осы халықтың терең­ге сүңгіген достығын жазайын деп келдім. Басқасында шаруам жоқ» дедім.

Содан кейін олар мен із­деген кітаптарды лезде тауып отырды. Олардың мұрағаты бір қа­ла­дай. Әр кітаптың үш түрлі нұс­қас­ын береді. Біреуі қазақша, біреуі мандюрша, біреуі қытайша. Осылай мен біраз пайдалы мағлұмат алдым. Міне, бұл жақсы адамдардың көп кездескені­нен.  

 Сұхбатты мына сілтемеден толық оқи аласыз.