7 маусым күні Римде Газа секторындағы соғысқа қарсы мыңдаған адам қатысқан шеру өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Еuronews.com мәліметінше, наразылықты Италияның оппозициялық партиялары – Демократиялық партия, «Бес жұлдыз қозғалысы» және «Жасылдар мен Солшыл альянсы» ұйымдастырды.
Қатысушылар Палестинаға қолдау білдіріп, қырғынды тоқтатуға шақырды. Шеруде «Палестинаға бостандық», «Біз бәріміз палестиналықпыз» деген ұрандар айтылды. Саяси көшбасшылар да шеруге қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шеруге ондаған мың адам шыққан. Жергілікті билік кемінде 10 мың адам жиналғанын растады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз