Бүгін Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Alma City тұрғын үй кешенінде 8 айлық сәбидің саусағы аспиратор құрылғысына қысылып қалды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Оқиға орнына шұғыл жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен сәбидің саусағын қауіпсіз түрде босатып, оны медициналық тексеріс үшін дәрігерлерге тапсырды.
Құтқарушылардың кәсіби әрі жедел әрекетінің арқасында балақай дер кезінде құтқарылып, денсаулығына қауіп төнген жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз