Жапондық Mazda автоконцерні АҚШ-тан 171 мыңнан аса көлікті кері қайтармақ, - деп хабарлайды aikyn.kz.
Mazda 171 мыңнан аса көлікті зауытқа кері қайтарады
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
568
оқылды

2024-2025 жылдары құрастырылған темір тұлпарлар қайта жөндеуге жіберіледі. Бұл жөнінде Құрама ШтаттардыңЖол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық басқармасы мәлімдеді.

Мамандардың сөзінше, датчиктерден ақау шығып, қауіпсіздік жастықшалары дұрыс істемейді. Яғни, жол апаты кезінде ол ашылмай қалуы мүмкін.

Ал жапондық компания ақауы бар көліктерді тегін ауыстырып бермек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.