Мемлекет басшысы IV Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде биологиялық әртүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық қор құру қажеттігін мәлімдеді.
Орталық Азиядағы биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері талқыланды
Фото: ҰҒА
290
оқылды

Табиғи экожүйелерді сақтау — бұл тек экологиялық мәселе ғана емес, Қазақстан мен Орталық Азияның тұрақты дамуы үшін стратегиялық міндет. Осыған байланысты биологиялық әртүрлілікті қорғау бойынша тиімді шешімдер іздеуде ғылыми қауымдастықтың, сарапшылар мен экологтердің күш-жігерін біріктіру маңыздылығы ерекше.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы күніне арналған «Орталық Азиядағы биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері мен перспективалары» атты халықаралық форумын өткізді.

Форум жұмысын Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев ашып, осы бағыттағы академия ұстанымын білдірді. Оның сөзінше:

Біріншіден, жасанды интеллект, геоақпараттық жүйелер және қашықтан зондтау технологиялары негізінде ұлттық экологиялық мониторинг пен болжау жүйесін құру қажет. Бұл жүйе мұздықтар, су айдындары, жайылымдар мен өсімдіктер сияқты негізгі экожүйелердің жағдайын нақты уақыт режимінде тұрақты бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.

Екіншіден, Қазақстан флорасы мен фаунасының бірыңғай цифрлық кадастры мен жасанды интеллект құралдарының түрлерін танудан бастап болжамды модельдерге дейін — интеграциялай отырып қалыптастыру қажет. Мұндай дерекқор ғылыми қауымдастыққа қолжетімді болуы тиіс және Global Biodiversity Information Facility (GBIF) секілді халықаралық платформалармен үйлестірілуі қажет.

Үшіншіден, табиғи ресурстарды пайдалану саясатына экожүйелік тәсілді енгізу қажет. Бұл ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін кеңейтумен және тозған экожүйелерді қалпына келтірумен қатар, табиғи ландшафттардың тұтастығы мен биологиялық қауымдастықтың тұрақтылығын қамтамасыз ететін функционалды және экологиялық дәліздерді құруды көздейді.

Төртіншіден, Климаттың өзгеруі, түрлердің миграциясы және ресурстық жүктеменің артуы ескеріле отырып, аумақты тұрақты дамытудың ұзақмерзімді сценарийлерін әзірлеу қажет. Жер пайдалану мен шаруашылық қызметіне қатысты барлық шешімдер экожүйелерге келесі 20-30 жылдағы ықтимал әсері тұрғысынан бағалануы тиіс.

Іс-шарада Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев, сондай-ақ Президенттің экологиялық ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі З.Сүлейменова негізгі мәселелер бойынша сөз сөйледі. Олар өз баяндамаларында биологиялық әртүрлілікті сақтау – экологиялық қауіпсіздіктің, жерді тұрақты пайдаланудың және өңіраралық ынтымақтастықтың ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Сонымен қатар табиғатты қорғаудың ғылыми-тәжірибелік негізін нығайту, трансшекаралық экологиялық бастамаларды дамыту, сондай-ақ Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия өңірінің бірегей экожүйелерін ұзақмерзімді қорғауға бағытталған Биологиялық әртүрлілік қорын қоса алғанда, жаңа қаржылық және институционалдық тетіктерді қалыптастыру қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Нобель сыйлығының лауреаты Риккардо Валентини,  Дрезден техникалық университетінің профессоры Маттиас Крамер,  Небраска–Линкольн университетінің профессоры Эндрю Зимброфф баяндам жасап,  Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің бірегей экожүйелік әлеуетке ие екенін және аймақтың биологиялық әртүрлілігінің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Форумға сонымен қатар БҰҰДБ, ЮНЕСКО, ФАО және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылары, Ресей, Германия, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және басқа елдердің жетекші шетелдік ғалымдары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, жас ғалымдар, Қазақстанның экология және табиғатты қорғау саласындағы мамандары қатысты.

Форум аясындағы көрме ұйымдастырылып, онда  көпфункционалды мобильді SIGMA кешені (кеңістіктік мониторинг пен геotalдау жүйесі) таныстырылды. Бұл табиғи және антропогендік үдерістерді кеңістіктік-уақыттық талдау үшін арналған цифрлық платформа. Ол экология, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, климат, биологиялық әртүрлілік және басқа да салалардағы мониторинг пен болжауға арналған.

Халықаралық форумның қорытындысы бойынша, бүгінгі талқылау барысында ұсынылған негізгі ұсыныстар, бастамалар мен биологиялық әртүрлілік мәселелерін шешу жолдары қамтылатын қарар әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.