Павлодарда құтқарушылар суға батып бара жатқан адамға дер кезінде көмекке келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Павлодар қаласы Усолка өзенінің коммуналдық жағажайында патрульдеу кезінде ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары суда қайғылы оқиғаның алдын алды.
Құрамында 4 құтқарушы мен 2 жүзу құралы бар экипаж өзеннің ортасында суға батып бара жатқан адамды байқады. Зардап шегуші судың бетінде тұра алмай, су астына кете бастады.
Құтқарушылар ер адамды судан шығарып, жағаға жеткізіп, реанимациялық іс-шараларды бастаған.
«Құтқарушылар ер адамды тұрақтандырылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Дәрігерлер оның одан әрі жағдайымен айналысады», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.