Астанада жеңіл рельсті көліктің сынақтық іске қосылуы 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.
Елордада 14 автобустың бағыты өзгерді
www.istockphoto.com
225
оқылды

City Transportation Systems баспасөз қызметі Астанада 14 автобус бағытының қозғалысы өзгергенін хабарлады. Бұл туралы Астана әкімдігінің сайты жариялады. 

Бүгін, 6 маусымда, №2, 20, 24, 24Н, 31, 33, 41, 47, 56, 71, 120, 120А, 121 және 503 бағыттарының қозғалыс сызбалары уақытша өзгерді.

Бұған дейін Астанада LRT рельстерінің 50%-ы төселгені хабарланған болатын. Құрылыс негізгі нысандардың –  «Нұрлы жол» теміржол вокзалының, Халықаралық әуежайдың, Министрліктер үйінің және Республикалық бас мешіттің маңында жалғасып жатыр.

Астанада жеңіл рельсті көліктің сынақтық іске қосылуы 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.