Іс облыстық Полиция департаменті бастығының бақылауында.
Күдікті ұсталды: Құлсарыда мәйіті табылған 7 жасар қызды өлтіріп кеткен
www.istockphoto.com
928
оқылды

Құлсарыда 7 жастағы жасөспірім қызды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, –  деп хабарлайды Аikyn.kz сайты. Бұл туралы Полиция департаменті тағы бір тың мәлімет ұсынды. 

Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 маусымда кешке қызының жоғалып кеткенін айтып, ата-анасы құқық қорғау органының көмегіне жүгінген. 

"2018 жылы туған қыз сағат 12:00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайта кері оралмаған. Сағат 21:28-де оның ата-анасы полицияға көмекке жүгінді", –  деді құқық қорғау органдары.

"Кісі өлтірді деген күдікпен 36 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны дереу ұсталды. Ол қазір сот санкциясымен тергеу изоляторына тоғытылған. Қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша тергеу амалдары қолға алынды", – делінген полиция хабарламасында.