Ол денсаулық сақтау субъектісіне халыққа медициналық қызмет көрсету үшін бөлінген 400 млн теңгеден астам қаражатты жүйелі түрде ұрлады деп күдікке ілінді.
МӘМС-тің аймақтық басшысы әшкереленді: 400 миллион теңге жымқырылған
430
оқылды

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Денсаулық сақтау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты әшкере етті, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты. 

Антикордың мәліметінше, соңғы үш жылда бұл салада 134 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Салдарынан 57 адам сотталған. 

Биылғы маусым айында Орталық органның және оның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен сыбайлас жемқорлық схемасы ашылды. Осылайша, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары әшкереленді.

Ол денсаулық сақтау субъектісіне халыққа медициналық қызмет көрсету үшін бөлінген 400 млн теңгеден астам қаражатты жүйелі түрде ұрлады деп күдікке ілінді.  Жымқыру медициналық ұйымның Damumed  ақпараттық жүйесіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде Өскемен қаласының тұрғындарына көрсетілген қызметтер туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізу жолымен жасаған. 

Іс жүзінде медициналық қызметтер көрсетілмеді, 30 мыңнан астам «тіркеулер» анықталды.

Сонымен қатар  ол жеке медициналық мекеменің кәсіпкерлік қызметіне заңсыз қатысып, Қордың жымқырған қаражатын, оның ішінде қымбат мүлікті сатып алу арқылы заңдастырды деп күдіктенеді.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, шенеунік пен басқа адамдардың басқа қылмыстық эпизодтарға қатысуы тексеріледі. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, – делінген хабарламада.