Әкімдік уақытша тұруға жатақхана берген.
Ақтөбедегі жарылыс: бес қабатты тұрғын үйдің тұрғындары үйлеріне оралмады
1,431
оқылды

Ақтөбеде жарылыс болған бес қабатты тұрғын үйдің  тұрғындары пәтеріне орала алмай жүр, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.  Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 

4 маусым күні Ақтөбенің қақ ортасында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің  төртінші қабатындағы пәтерде газ жарылды. Баспанасына күрделі жөндеу жүргізбек болған сол шаңырақтың 36 жастағы иесі қаза тапты. Пәтерін жөндеп жатқан марқұм "газ баллонын қолдануы мүмкін" деген болжам бар.

Қазір тұрғын үйдегі газдың атылуына не себеп болғаны тексеріліп жатыр. Үш подъездегі 45 пәтердің тұрғындарын шаңырағына әзірге жолатпауда. Себебі жарылыстан жоғары қабаттардың арасындағы плита құлап, алты баспананың қабырғасы құлаған. 

Жарылыстың қатты болғаны соншалық, қарсы беттегі көрші үйлердің де терезесі шытынап, ауладағы көліктерге зақым келген. Үйді толық зерттеп болмайынша, 45 пәтердің тұрғындары үйіне кіре алмайды. Жарылыс болған подъездегі пәтерлер онсыз да тұруға келмейді. Әкімдік уақытша тұруға жатақхана берген. Онда тек 11 адам түнеп шығыпты. Қалғаны туыстарына кеткен.