Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында күн ыси түспек
33-35 градус ыстық болады: 6 маусымға ауа райы болжамы
www.istockphoto.com
420
оқылды

OpenWeather порталының жариялауынша, еліміздің мегаполистері: Астана, Алматы мен Шымкенте күн ыстық болады деп болжанып отыр, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Метеорологтердің мәліметінше, бүгін Алматыда күн аздап бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 33 градусқа дейін көтеріліп, түнде 17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,8 м/с.

Астанада да бұлтты, жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Күндіз ауа температурасы 29 градусқа дейін жетіп, түнде 12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,7 м/с.

Шымкентте де бүгін күн бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 35 градусқа дейін көтеріліп, түнде 22 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 9,1 м/с деңгейінде болмақ.