Кеңес жұмысы аясында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның ТМД ұйымына мүше елдер делегацияларының басшыларымен ұжымдық кездесуі өтті.
Үкімет басшысы ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
2,481
оқылды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Душанбе қаласында (Тәжікстан) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдер үкіметтері басшыларының кеңесінің отырысына қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шағын және кеңейтілген құрамда сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, ауыр және жеңіл өнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимыл, авиациялық қатынас, атап айтқанда, мүше мемлекеттердің әуе қозғалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Отырысқа Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Әли Асадов, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Тәжікстан Премьер-министрі – ТМД ұйымына мүше елдер үкіметтері басшылары кеңесінің төрағасы Кохир Расулзода, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян, Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ходжамурад Гельдымурадов, сондай-ақ ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев қатысты.

Кеңес жұмысы аясында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның ТМД ұйымына мүше елдер делегацияларының басшыларымен ұжымдық кездесуі өтті.