Сот процесі Жоғарғы соттың Youtube арнасында тікелей эфирде өтіп жатыр.
Шерзат ісі: Равиль Сакиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды
906
оқылды

Кезекті сот отырысында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі қылмыстық іс бойынша сот үкім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Равиль Сакиев Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бап 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу), 99-бап 2-бөлігі 1, 7, 9-тармақтарымен (адам өлтіру) кінәлі деп танылып, оған ҚК 24-бап 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) мен 99-бап 2-бөлігі 1, 7, 9-тармақтарымен 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті 20 жылға сотталды.

Басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды.