Италияның Рим қаласындағы көне ғибадатханада жасанды интеллект орнатылған құлтемір өз қызметіне кірісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тарих қойнауына қызықты саяхат жасайтын робот
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
885
оқылды

Озық технологияны жасауға 30-дан астам адам қатысқан. Өнертабысты қолданысқа енгізбес бұрын ғалымдар 1 жарым жыл бойы еңбек етіпті. Робот ғибадатхана есімі берілген Рим императоры Адрианның құрметіне «Адриано» деп аталады. Қала қонақтары мен тұрғындарын есіктен қарсы алады. Сыртқы келбеті адамға ұқсас. Мимикалары шынайы, эмоциясын да көрсетеді. Сондықтан адамдармен қызық әңгіме құруға қауқарлы. Бұл жөнінде 24.kz телеарнасы хабарлады.

Жүйенің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін роботқа жасанды зерде мен 30 түрлі сенсор орнатылған. Бұл құлтемірге тұрған орнын анықтауға, айналасын картаға түсіруге көмектеседі. Сондай-ақ, соғылып қалудан қорғайды. Робот Рим тарихы туралы италия және ағылшын тілдерінде ақпарат береді. Ғалымдар алдағы уақытта басқа тілдерді де қосуға ниетті .   

Өнертапқыштар алдағы уақытта заманауи технологияның көмегімен тарих беттеріне жан бітірмек. Ол үшін робот «Адрианоның» мүмкіндіктерін пайдалануды жоспарлап отыр. Жоба іске асса, адамдар виртуалды көзілдірік киіп, император Адрианның ғибадатханасын қашықтан көру мүмкіндігіне ие болады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.