Бұл сұраққа жазушы Қойшығара Салғараұлы жас журналистермен кездесу кезінде жауап берді.
Ата-бабамыз данышпан болса, не­лік­тен сол халық 300 жыл­ бодандықта болды? – Жазушы бұл сұраққа жауап берді
istockphoto.com
8,913
оқылды

Қазір біз өзі­мізді «данышпан халық едік» деп мақ­тан тұтамыз, бірақ өткеннің ауыр са­бақ­тарын ұмытып кеткендейміз. Шын мәніндегі тари­хи таным мен ұлттық сананы қал­пына келтіру үшін не істеуіміз керек?

Бұл сұраққа жазушы Қойшығара Салғараұлы жас журналистермен кездесу кезінде жауап берді.

– Иә, бұл ащы да болса, шын­дық. Көпшілігіміз ата-бабамызды «данышпан», «кемеңгер» деп айт­қан­ды жақсы көреміз. Бірақ «Не­лік­тен сол данышпан халық 300 жыл­дай бодандықта болды?» деген сұраққа келгенде бәрі тосылып қа­лады. Мұның себебі бізге шынайы тарих үйретілмеді. Біз мектепте де, университетте де өзіміздің терең, тұтас тарихымызды оқымадық. Кеш­е­гі күнге дейін Қазақстанның тарихы Қазан төңкерісінің қарсаңы­нан басталатындай көрініс беретін. Одан бұрынғы мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, өркениетке қосқан үлесі­міз көмулі күйінде қалды. Сон­дықтан да мен өзім тарих іздеп Афинадан бастап, Ыстамбұл, Ан­кара, Петроград, Мәскеу, Қытайға дейін шолып өттім. Іздендім. Ізден­істен шындық туады. Қазір сіздер бақыттысыздар. Интернет, жасан­ды интеллектіге дейін қолжетімді. Бірақ бір ескерерлігі бәрі бірдей ақи­қат емес. Қай дерек дұрыс, қай­сысы бұрыс екенін білу үшін көп оқу керек. Түрлі көзқарас, түрлі де­рек, түрлі автор. Сонда ғана шын­дық айқындалады.

Өмір деген – тау. Ол таудың басына шығу оңай емес. Дауылы болады, тас түседі, көре алмайтындар, қызғанышпен қарайтындар, аяғың­нан шалатындар табылады. Бірақ бір шындық бар: егер талпын­ып, тыры­сып, адал жүрсең етекте қал­майсың. Әр адам өз биігіне жет­еді. Мұның бар­лығының түп-та­мыры – таным мен түсінік. Таным д­еген не нәрсе, кім деген сұраққа жауап табу. Ал түс­і­нік – сол таным­ның нәтижесі. Тан­ым-түсінігі дұ­рыс адамнан өткен дан­ыш­пан жоқ. Өзіңді тану арқылы ғана ұлтыңды, тарихыңды, адам­затыңды түсінуге болады, – деді Қойшығара Салғараұлы.

 Сұхбатты мына сілтемеден толық оқи аласыз.