Бұл аймақтағы көлік индустриясының негізгі сегментін таныстыратын маңызды шара.
Көліктер көрмесі өтеді
Фото: gov.kz
313
оқылды

Қазақстан мен Орталық Азиядағы үздік салалық көрмелердің бірі 25-27 маусымда ЕХРО көрме орталығында  өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл жүк, коммерциялық және жолаушылар көлігінің жалғыз мамандандырылған көрмесі. 

Көрмеге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Қытай, Германия және басқа да елдердің ірі компаниялары қатысады. Олар инновациялық стартаптар, заманауи технологиялық шешім, арнайы техника, автобус, тіркемелер және электронды жүйе бағытында өз өнімдерін ұсынады.

Негізгі мақсат – жүк және жолаушылар көлігі саласындағы үздік өнімдерді ұсыну.

Қатысушылар қатарында: мемлекеттік органдар мен өңірлердің коммуналдық мекемелері, автопарк операторлары, дилерлер, логистикалық, инженерлік компаниялар және т.б. қатысады.

Көлік және логистика саласындағы озық тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестер табуға және нарықтың болашағын бірге қалыптастыруға тамаша мүмкіндік ұсынады.