Сот процесі Жоғарғы соттың Youtube арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Шерзат Полат ісі: бүгін сот шешімі сағат нешеде шығады?
Фото: Жоғарғы соттан алынды
1,259
оқылды

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осыған дейін 3 маусымда Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

Күннің бірінші жартысындағы сот жарыссөзінде адвокаттар мен сотталушылардың өкілдері сөз сөйледі. Сотталушылар да соңғы сөздерін айтты.

Енді бүгін сот үкімін жариялау үшін сот отырысы 5 маусымға сағат 16.00-де өтеді. 

Бұған дейін Шерзат Полат ісіне төрағалық етіп отырған судья Ержан Жанұзақов туралы жазған болатынбыз.