Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді Корея Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жандандырып, түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің аса жауапты қызметіне сәттілік, достас Корея халқына құт-береке тіледі, – делінген Ақорданың ресми хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.