Бүгін Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында үй өртеніп, үйде қалған бес бала жанып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өрт бүгін сағат 15:03-тер шамасында болған.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, үйдегі заттар мен жиһаз өртенген. Өрттің нақты неден шыққаны белгісіз.
Өрт сөндірушілер ес-түссіз жатқан балаларды үйден алып шығып, жедел жәрдемге тапсырған. Жедел жәрдем аудандық ауруханаға бес баланы жеткізді. Бірақ балаларды құтқара алмады.
Өртеніп кеткен бес баланың үлкені 5 жаста болса, ең кішісі 2 жаста болған.
Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА, Батыс Қазақстан облысы