Нәресте кеше дүниеге келген.
Медициналық авиация жаңа туған нәрестені құтқарып қалды
Фото: istockphoto
505
оқылды

ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ экипажы Қызылорда-Жаңақорған-Қызылорда бағыты бойынша медициналық авиация желісімен жаңа туған қыз баланы тасымалдау бойынша рейс орындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұшу медициналық бригаданың қатысуымен жүзеге асырылды.

Экипаждың ұшуын әуекемесінің командирі Назель Нұрғалиева басқарды, екінші ұшқыш – Бейсенғали Туғизбаев.

Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында пациент мамандандырылған медициналық мекемеге сәтті жеткізілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.