Түркістан облысында ерекше патриоттық іс-шара өтті.
Жастар 1 700 метрден астам биіктіктегі тауға шығып, Ту тіккен
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
2,388
оқылды

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай еліміздің барлық өңірлерінде жастарға, жалпы қоғамға патриоттық рух сыйлайтын түрлі шаралар өтіп жатыр. Қазығұрт ауданында да ерекше патриоттық іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аудан жастары қасиетті Қазығұрт тауының шыңына шығып, еліміздің мемлекеттік Туын тікті. Өңірдегі “Жастар ресурстық орталығы” ұйымдастырған шараның басты мақсаты – жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау. 

Айта кетейік, Қазығұрт тауы теңіз деңгейінен 1 768 метр биіктікте орналасқан, ұзындығы 22 шақырымды, ал ені 10 шақырымды құрайды. Таудың шыңына көтерілу жастарға үлкен рухани серпіліс сыйлады. Шара барысында жастар Мемлекеттік рәміздер туралы баяндама тыңдап, еліміздің тарихы мен тәуелсіздік жолындағы жетістіктерін еске алды. Іс-шара соңында қатысушылар Әнұранды бірге орындап, фотосессия ұйымдастырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.