Осы сәтсіздіктер себебінің бірі спортшыларымыз психологиялық тұрғыдан дайын болмағаны жайлы айтылады.
«Психологтің керегі жоқ, анкета толтырудан әрі аспайды»: ұлттық құраманың бас бапкері өз ойын айтты
523
оқылды

Ұлттық құраманың жай-күйі қашан да халықтың назарында жүреді. Әсіресе, соңғы жылдары қарапайым жанкүйердің спортшылардың жетістіктеріне көңілі толып жүрген жоқ. Бірді-екілі спортшылар демесеңіз, қалғандары жарыстан қанжығасы бос қайтады. Осы сәтсіздіктер себебінің бірі спортшыларымыз психологиялық тұрғыдан дайын болмағаны жайлы айтылады.

Бұл пікірге әйелдер күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сағадиев Aiqyn газетінің тілшісіне берген  сұхбатында  жауап берді.

Арнайы бекітілген дәрігер мен массажист бар, тәжірибелі жігіттер. Айта кетерлігі, оларды Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы бекітеді. Онда басқа да федерацияның дәрігері тіркелген. Сондықтан әр жарысқа бірге ертіп бара алмаймыз. Бәрі қаражатқа тіреледі. Басқа федерацияда маңызды халықаралық жарыс өтсе, сол мекеменің дәрігеріне сапарға қаржы бөлінеді.  Сонда бізге қарасты дәрігерлер қалып қояды. Солар қатардан қалмаса екен деген тілек бар. Мұны барған жерімде мәселе ретінде көтеріп, айтып жүрмін. 

Психологке келсек,  2015-2018 жылдары Олимпиадада  үш медаль алдық. Бұл көрсеткіштің сыры неде? Сол тұста ұлттық құрамамен Татьяна Лапшева есімді психолог жұмыс істеді. Өз ісінің шебері еді. Маманды  федерация экс-президенті Ерлан Сәдуақасұлы тауып берді. Елімізде спорт психологиясы жеткілікті дамымаған. Иә, психолог көп. Анкета алып, қағаз жүзінде жұмыс істейтіні жетіп артылады. Бірақ ол не береді? Спорт психологі балуанның ішіндегісін суырып алып, жол көрсетуі керек. Кезінде Лапшева Рио Олимпиадасының қола жүлдегерлері – Екатерина Ларионованы, Эльмира Сыздықованы аша білді. Спорт психологі болмаса да, ізденіп, семинарға қатысып, нәтиже шығарды.

Қазір балуандардан сұрасам, «психолог керегі жоқ, анкета толтырудан әрі аспайды» деп жатады. Меніңше, әр өңірде жергілікті спорт психологі жұмыс істеуі керек. Спортшының үй-ішін, отбасы жағдайын жетік білетін, дер кезінде көмектесе алатын адам болғаны жөн. Өйт­кені ұлттық құрама психологі балуанмен оқу-жаттығу жиыны кезінде ғана жұмыс істейді. Оның ел аралап, спортшының жай-күйін бақылауға ресурсы жоқ, бюджет жетпейтіні тағы бар. Сондықтан осы мәселені жолға қойса игі.

Сұхбатты мына сілтемеден толық оқи аласыз.