Орта есеппен 2 222 дәрі 18%-ға, 1 847 медициналық бұйым 14%-ға, дәріханалардағы 5 492 дәрі-дәрмек — 30%-ға дейін арзандайды.
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы арзандайды
1,061
оқылды

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасын реттеу жүйесін түбегейлі өзгертіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Елде тіркелген 6 мыңға жуық препараттың құны қайта қаралып, қолжетімділік артады. Мақсат – бағаны төмендетіп, халықтың қалтасына түсетін салмақты азайту. Орта есеппен 2 222 дәрі 18%-ға, 1 847 медициналық бұйым 14%-ға, дәріханалардағы 5 492 дәрі-дәрмек — 30%-ға дейін арзандайды. Есептеу кезінде препараттың шығарылу түрі, дозасы, көлемі мен халықаралық бағалар ескерілді.

«Кейбір дәрі-дәрмектің шекті бағасына қосылатын үстемелерді алып тастадық. Өйткені олар негізсіз болып көрінді. Қазір фармацевтикалық қауымдастықпен жаңа модельді сынақтан өткізу бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Өзгерістер тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясындағы дәрі-дәрмек бағасы шамамен 19 пайыз, ал көтерме және бөлшек саудада 30 пайыз төмендеуі мүмкін», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев.

Дәрілік заттарды нарыққа шығару процесі де жеңілдетіліп жатыр. «Бір терезе» қағидаты бойынша жаңа пилоттық жоба енгізіліп, тіркеу, сараптама және баға бекіту процестері біріктірілді. Сонымен қатар шетелден келетін дәрі-дәрмектердің елге жылдам жетуі үшін де қолайлы жағдай қарастырылып жатыр.