2025 жылы қазылар алқасы қазақ және орыс тілдеріндегі бес номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады.
QALAMDAS – 2025 әдеби сыйлығының лауреаттары анықталды
429
оқылды

Алматы қаласында Ольга Маркованы еске алуға арналған тәуелсіз әдеби QALAMDAS сыйлығының лауреаттары салтанатты түрде марапатталды. Биыл бұл әдеби жоба үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Байқаудың негізгі мақсаты – жаңа есімдерді жарыққа шығару, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2025 жылы қазылар алқасы қазақ және орыс тілдеріндегі бес номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Қазақ тіліндегі лауреаттар:

  •  Проза – Темірлан Қылышбек (Талдықорған)
  •  Поэзия – Саян Есжан (Астана)
  •  Балалар әдебиеті – Олжас Қасым (Астана)
  •  Әдеби сын – Алтынбек Мерсадық (Астана)
  •  Орыс тілінен қазақ тіліне көркем аударма – Зеберкүл Шардарбекова (Жамбыл облысы)
  •  Қазақ тілінен орыс тіліне көркем аударма – Ерлан Нұғметов (Алматы)

Орыс тіліндегі лауреаттар:

  •  Проза – Айнұр Карим (Алматы)
  •  Поэзия – Ольга Кувшинникова (Өскемен)
  •  Балалар әдебиеті – Надежда Бычкова (Алматы)
  •  Әдеби сын – Алла Джундубаева (Алматы)