Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр.
"Брат, пышақты таста, төбелес керек емес" деп Қаржаубайға айтып, оны басуға тырыстым – Азамат Тоқтаубаев
1,180
оқылды

Жарыссөзде айыпталушы Азамат Тоқтаубаев сотқа арналған сөзін сөйлеп, топтық төбелес жасамағанын айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

– 2024 жылдың қазан айының үшінен төртіне қараған түні үйде болатынмын. Кешкі 9-дарда досым Шыңғыс Белғожаев ватсап желісі арқылы жазды. Сөйтіп ол маған келді, екеуіміз аулада, оның көлігінде әңгімелесіп отырғанбыз. Сол кезде Равиль Сакиев телефонмен хабарласып, «Эйфория» кафесінде отырғанын айтты. Біз Шыңғыс екеуміз амандасып кету ниетімен оларға кіріп-шыққанбыз, – дейді ол. 

Айтуынша, ол сол жерде жарты сағат ішінде туған ағасы Нұрбол Тоқтаубаевты көріп қалған. Ол інісіне үйге қайтуды ескерткен екен.

"Содан өзі көрінбей кетті, үйіне қайтып кеткен болар деп ойладым. Сол кезде Нұрболдың бір жағдайға түскенін естіп, соны білмек болдым. Топтық төбелес құрғанымыз жоқ. Қасымдағылар қайда бара жатқанымызды, мәселенің мән-жайын білмеді. Біз келсек, "Қамажай" дүкенінің алдында бір топ баланың тұрғанын көрдім. арасында ағамның барын байқадым. Және Дархан Әскентайды таныдым. Ағамның достары деп ойлап, бәрімен амандастым", – деген Азамат Тоқтаубаев ол жерге бұзақылық ниетпен бармағанын айтты. 

– Дүкенге кіріп тұрғанымда, сыртта күбір-күбір ете қалды. Сыртқа шықсам, Қаржаубай аға қолына пышақ алып алған, қасындағы жігіттер "аға, қойыңыз" деп оны сабырлыққа шақырып тұр. "Тиіспеңдер" деп ажыратып жүргенде төбелес болып кетті. Шыңғыс Қаржаубай мырзаға ұмтылды, бірақ мен оны қой деп бастым. Қаржаубай ағамен қалып қалдым. Содан "брат, пышақты таста, төбелес керек емес. Қазір балаларды алып кетемін, сен достарыңды алып кет" дедім. Олардың оның інісі мен баласы екенін білмедім. Бір уақытта мылтық атылды, мен келген ізіммен көлігіме қарай қаштым, – дейді Нұрбол Тоқтаубаев.