Зардап шеккендердің біріне шұғыл операция жасайды.
«Он адам зардап шекті»: Астанада автобус бағанаға соғылды
Фото: Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
1,269
оқылды

Астанадағы Республика көшесінде автобус жол жиегіндегі бағанаға соғылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет берді. 

«Алдын ала мәлімет бойынша, 10 адам әртүрлі қалалық стационарларға жеткізілді. Алынған жарақаттарға сәйкес, зардап шеккендердің екеуі ұлттық жедел медициналық үйлестіру орталығына жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі», - делінген хабарламада.

Ауыр жағдайдағы зардап шеккендердің біріне шұғыл операция жасайды. 

Жедел жәрдем бригадалары жергілікті жерде жұмысын жалғастырып, көмек көрсетіп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.