Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуына орай видео үндеу жолдады. Ғарыш айлағын құру жөніндегі шешім қабылданғаннан бері Байқоңыр адамзаттың көптеген жетістіктеріне куә болған еді. Мемлекет басшысы айлақтың ғарышты игеру дәуірінің басында тұрғанын атап өтті.
Байқоңыр – ғарыш қақпасы
265
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев ғарыш са­ласы қызметкерлері мен арда­гер­­леріне арналған бейнеқұттық­тауын­да айлақтың мыңдаған жаңа­лық­қа куә болғанын атап өтті. 

«Қадірлі ғарыш саласының қыз­меткерлері мен ардагерлері!

Баршаңызды «Байқоңыр» ға­рыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуымен құттықтаймын!

1957 жылы дәл осы арадан жа­сан­ды Жер серігі ұшырылып, ға­рыш­­ты игеру дәуірі басталды. Көп ұзамай, 1961 жылы айлақтан тұң­ғыш ғарышкер Юрий Гагарин көк жү­зіне аттанды. Бұл тарихи оқиға жаһан жұртшылығын біріктіріп, адам­заттың ғылым мен өркениет прог­ресіне деген сенімін нығайтты. Со­дан бері Байқоңырдан мыңдаған Жер серігі ұшырылып, ондаған мис­­сия орындалды. Мұнда көрнек­ті ғалымдар, конструкторлар мен ин­женерлер жұмыс істеді. Ұлы же­тістіктердің бастауында тұрған бар­лық маманға шексіз риза­шы­лығымды білдіремін!», – деді Пре­зи­дент.

Сонымен қатар Мемлекет бас­шы­­сы айлақтың қазақ жерінде ор­­­­наласқаны да ерекше мәртебе еке­ніне тоқталды. 

«Біз әлемдегі ең ірі ғарыш ай­ла­ғының қазақ жерінде орналас­қа­нын ерекше мақтан тұтамыз. Хал­қы­мыздың қаһарман ұлдары Тоқ­тар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев жә­не Айдын Айымбетов осы ара­дан космосқа аттанды.

Еліміз халықаралық ғарышты игеру ісінің белсенді мүшесі сана­ла­ды. «Байқоңыр» айлағы – Қазақ­стан мен Ресейдің достыққа, тату көр­шілікке және өзара түсіністікке не­гізделген ұзақмерзімді стра­те­гия­лық серіктестігінің жарқын кө­рінісі», – деді Қ.Тоқаев. 

Президент соңғы онжыл­дық­тарда Қазақстан ұлттық эко­но­ми­ка­ның дамуына ықпал ететін бір­қа­тар ауқымды ғарыш жобаларын іске асырғанын атап өтіп, «Еліміз Байқоңырды халықаралық ын­ты­мақтастықтың, ғылым мен бі­лім­нің және туризмнің орталығына ай­налдыруға ұмтылады. Ғарыш қыз­метінің жаңа нарықтарына шы­ғу, жас инженерлердің, конс­т­рук­­тор­лар мен ғалымдардың әлеуе­тін арт­тыру жарқын болашақ­қа жол аша­ды. 

Осы орайлы сәтті пайдаланып, Бай­­қоңыр қаласының тұрғын­д­а­ры­на айрықша алғыс айтқым ке­леді. Сіздер табанды еңбек етіп, ға­­рышты зерттеу ісінің ізашарлары­нан қалған мол мұраны мұқият сақ­тап келесіздер. Бұл – зор құр­мет­ке лайық. Ғарыш саласы бүкіл адам­затты әрдайым ортақ мақсатқа жұмылдырып, жаңашылдық пен ғылыми-техникалық прогреске бас­тайды. Байқоңыр алдағы уақыт­та да ұлы жаңалықтар мен озық ин­новациялардың қайнар көзі бо­ла береді деп сенемін!», – деді Пре­зидент.

 Мемлекет басшысы атап өт­кен­­дей, Байқоңыр ғарыш айлағы адам­зат өркениетінің ең үлкен же­тіс­тіктерінің бірі саналады. Бай­қоңыр әлемдегі тұңғыш ғарыш ай­лағы еді. Сонымен қатар бұл жер­ден тұңғыш ғарышкер көкке кө­теріліп қана қоймай, адамзат ба­ласы жасап, Айға қондырған ал­ғашқы аппарат ұшырылды. 1959 жылдың 13 қыркүйегінде «Луна-2» аппараты Айға қонған еді. Со­нымен қатар Байқоңырдан ұшы­рыл­ған аппараттар Шолпанға да, Марсқа да қонғаны бар. Көптеген ұлттардың тұңғыш ғарышкерлері де Байқоңырдан ұшты. Бір сөзбен айт­қанда, айлақтың адамзат тари­хын­дағы орны ерекше. Мемлекет бас­шысы арнайы құттықтау жолдап, Бай­қоңырдың мән-маңызына лайық­ты баға беріп, болашағына үл­кен сенім білдірді.