Жақын маңда патрульде жүрген қалалық құтқарушылар оқиға орнына жедел жеткен.
Астанада 30 жастағы әйел Есіл өзеніне секіріп кетті
Видеодан скриншот
2,094
оқылды

Астана қаласындағы Байқоңыр ауданында 30 жастағы әйел «Қараөткел» көпірінен Есіл өзеніне секіріп кетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ мәліметінше, оқиға күндіз болған. Бұл туралы куәгерлер шұғыл қызметтерге дереу хабарлаған.

Жақын маңда патрульде жүрген қалалық құтқарушылар оқиға орнына жедел жетті.

- Әйел адам судан шығарылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда, - делінген ресми ақпаратта.

ТЖМ күрделі жағдайларда психолог мамандардың көмегіне уақытылы жүгінудің маңызды екенін еске салады және оқиға туралы жедел хабарлаған тұрғындарға алғыс білдірді.